Димаштың Малайзиядағы концерті кейін өтетін болды

615

Мұндай жаңалықты естіген әншінің фанаттары өкініштерін білдіріп жатыр.

Димаштың Малайзиядағы концерті кейін өтетін болды Фото: inform.kz

Димаш Құдайбергеннің Малайзияда өтетін концерті кейінге қалдырылды.

Бұл туралы мәлімет әншіге қатысты жаңалықтарды жазатын Instagram-дағы парақшада жарияланды.

Осыған дейін Димаш Құдайбергеннің концерті Малайзияның астанасы Куала-Лумпурда Axiata Arena Bukit Jalil аренасында өтетіні айтылған болатын. Әншінің шоу концерті 19 қараша күні өтетіні айтылса, билеттер сатылымы 21 қазанда Ticket2U сайтында басталу керек болған. Алайда Малайзияда өтетін сайлауға байланысты шоу кейінге қалдырылған.

Аcomedia.one мәліметіне қарағанда, Димаш Құдайбергеннің концерті өткізілетін күн қараша айында жария етіледі.

Концерттің кейінге шегерілгені туралы жазбаға әншінің фанаттары пікір қалдырған. Олардың бірі осы концерт үшін алған ұшақ билеті мен қонақ үйдегі орнының ақысы қайтарылмайтынын айтып, өкінішін білдірген. Енді бірі Малайзия билігінен концертті кешкі уақытта немесе бір күн ерте, не кеш өткізуге рұқсат өтініп отыр.

Осыған дейін Малайзияда өтетін концерт туралы әншінің өзі қуана хабарлағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу