Димаштың Түркиядағы концертіне 41 елден көрермен жиналды

309

Димаш Құдайберген өзінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Ыстанбұлда жеке концертін берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Димаштың Түркиядағы концертіне 41 елден көрермен жиналды Фото: Акжигит Чукубаев

Ыстанбұлдағы Бешикташ стадионында өткен Димаштың концерті көру үшін әлемнің көптеген елдерінен: Түркия, Қытай, сондай-ақ, Еуропа, АҚШ, Азия мен Африканың көптеген қалаларынан жанкүйерлер жиналды.

Ыстанбұлдағы 42 500 орындық "Бешикташ" стадионы лық толды.

Димаштың Германия мен Аргентинадан келген жанкүйерлері концертке арнайы ұшып келгендерін айтты.

"Біз оның әнін тыңдау үшін Ыстанбұлға келдік. Димаштың Түркияда концерт беретінін білген бойда билет сатып алдық", – дейді тыңдармандар.

Димаш өнерін қазақ, түрік, ағылшын және қытай тілдеріндегі халықтың ең сүйікті әндерімен бастады.

Ән арасында Димаш көрермендермен: жерлестерімен қазақ тілінде, шетелдік фанаттармен ағылшын тілінде сөйлесті. Сөз арасында әнші Ыстанбұлда өнер көрсеткеніне қуанышты екенін жеткізді.

Сахнада өнерпазбен бірге түрік музыканттары Халук Левент пен Бурак Йетер қонақ ретінде өнер көрсетті.

Сахнада қобыз, гитара, домбыра үні күмбірледі. Концерт соңында Димаш заманауи өңдеуде "Дүрдараз" әнін орындады. Жаңа стильде қазақтың халық әні бүкіл стадионды дүр сілкіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу