Димаштың "Zhalyn" атты жаңа әніне түсірілген бейнебаяны шықты

622

Бейнебаянды қазақстандық режиссер Шыңғысхан Тәжікеев MOOD VIDEO жанрында түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Димаштың "Zhalyn" атты жаңа әніне түсірілген бейнебаяны шықты

Бұл әнді қазақстандық композитор Еділжан Ғаббасов Димаш Құдайбергенмен бірлесіп жазған.

"Zhalyn-ды 2020 жылы Димашпен кездескен кезде жаздым. Өлеңнің әуенін жаза отырып, Димашқа әннің үзіндісін көрсеттім,кейін ол қайырмасын жазды. Осылайша, бұл композиция біздің шығармашылық тандемімізде дүниеге келді. Менің ойымша, барлық тыңдарманға бұл туынды ұнайды. Ал біз оларға көптеген сапалы туындыны бұдан әрі де сыйлай беретін боламыз", - деді  композитор.

Сондай-ақ оның айтуынша, бұл әнге туған жер, қазақ еліне қатысты леп қосқысы келген, онымен бір мезгілде заманауи үн де болғанын қалаған. 

Композиция мәтінін EL ARNA телеарнасының продюсері, талантты ақын Нұржан Асхатұлы жазған. Нұржан әннің негізгі тақырыбы махаббат екенін айтты. Алайда, махаббаттан басқа, мінез бар.

Ад Димаш "Zhalyn" әнінің мазмұнын өзі таңдаған, оның қандай болу керектігін түсіндірді. Осылайша, Нұржан әуенді қайта-қайта тыңдай отырып және әннің негізгі тақырыбына сүйене отырып мәтінді жазған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу