Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне діни бірлестіктердің қызметін тексеру құзыреті берілмек

889

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне діни бірлестіктердің қызметін тексеру құзыреті берілмек

Бүгін ҚР парламентінің мәжілісінде ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Бұл заң жобасында діни саладағы қызметті ұйымдастыру кезінде мемлекеттік органдардың құзыреттілігін нақтылайтын бірқатар нормалар бар. Атап айтқанда, дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің қызметін тексеру құзыретін беру көзделген. Бұдан бөлек, ішкі істер министрлігінің сотталғандармен оңалту жұмыстарын жүргізу және діни қызметпен байланысты қылмыстардың алдын алу бөлігінде, жергілікті атқарушы органдардың діни ахуалға мониторинг жүргізуге қатысты функциялары кеңейтіледі.

Заң жобасының таныстырылымына парламент мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, діни және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу