Дін қызметкерлері карантин кезінде 17 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетті

1164

Мешіттердегі шеберханаларда тігілген 47 821 дана бетперде халыққа тегін таратылды. 

Дін қызметкерлері карантин кезінде 17 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетті

Дін қызметкерлері карантин кезінде 17 мыңнан астам отбасыға көмек көрсеткен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді. 

"Халқымызда қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің деген нақыл сөз бар. Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Мен карантин кезінде жасаған үндеуімде үмітсіздікке бой алдырмай, ігі амалдар мен қайырымды шараларға үлес қосуға шақырдым. Осы үндеуден кейін дін қызметкерлері 17 мың 600 отбасыға көмек көрсетті. Сонымен қатар жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында карантин кезінде 47 821 дана бетперде таратылды. Олар мешіттеріміздегі тегін шеберханаларда тігілді", – деді Бас мүфти. 

Сонымен қатар ол ТЖ кезінде халыққа онлайн насихат айтылатынын жеткізді. 

"Халыққа интернет желісі арқылы насихат айтылады. Ол үшін желіде арнайы кесте бекіттік. Сонымен қатар түрлі сұрақтарға жауап беретін колл орталық аштық. Оның нөмірі: 333030", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу