Дін туралы заң қатаңдатылуы мүмкін бе?

417

Бұл сұраққа Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXI отырысы кулуарында Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева жауап берді. 

Дін туралы заң қатаңдатылуы мүмкін бе? Фото: akorda.kz

Мәселе алдымен ұсыныс білдірген депутаттар мен сарапшылар қатысуымен талқыланады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Министр жауабына сілтеме жасап.

"Депутаттардың ресми өтініштері болды. Діни саясат саласындағы үйлестіруші мемлекеттік орган ретінде біз оларды қарауға міндеттіміз. Әрине, осыған байланысты біз барлық діни бірлестіктерге қатысты бар заңнамалық нормаларды зерттеп жатырмыз. Бұл жерде қоғаммен диалог маңызды. Әрине, оны заңнамалық деңгейге де қарастыру керек", - деп жауап берді Аида Балаева.

Министр дін туралы заңды қашан қайта қарағысы келетіндігі туралы сұраққа: "алдымен сарапшылармен, ұсыныс білдірген депутаттармен талқылау болады, яғни біз қоғамның келісімінсіз ешқандай шараны қолға ала алмаймыз. Депутаттардан нақты сауалдар түскендіктен, бұл мәселе міндетті түрде қаралады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу