Оны көрермен 22 қазан Республика күні қарсаңында тамашалай алады, деп жазады inbusiness.kz.
"Дина Нұрпейісованың өмірі туралы фильмде күйшінің, бала кезінен домбыраға құштар болуы, дала сарынынан әуен іздеуі, күй атасы Құрманғазыдан тәлім алуы арқау болды. Сонымен қоса телехикаяда сол кезеңдегі әйел тағдырының қыр-сыры, қоғамдағы жауапкершілігі тереңінен бейнеленеді" делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі таратқан хабарламада.
Сериал продюсері - Нұриддин Паттеев, режиссері - Батырхан Дәуренбеков. Сценарий авторлары - жазушы-драматург Сая Қасымбек және Батырхан Дәуренбеков.
Сонымен қатар ""Qazaqstan" телерадиокорпорациясы түсірген тағы бір тарихи туынды "Мағжан. Мен жастарға сенемін!" телехикаясы эфирге 24-25 қазан күндері шығады. Корпорация биыл бұлардан өзге Міржақып Дулатов, Әлкей Марғұлан, және Қорқыт тұлғасына арналған тарихи туындылар түсірді.