Дина Таңсәрі ауыр хәлде жатыр

1880

"Қыздың ісіне және қорға түскен жүктемеге байланысты, лас әңгімелер мен айыптаулар өте көп".

Дина Таңсәрі ауыр хәлде жатыр Фото: «Не молчи» қоры

"Не молчи" қоры Дина Таңсәрі ауруханаға түсті. Кейінгі 20 күнде екі рет жүрек талмасы ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

 Біріншісі 9 тамызда болса, екіншісі 25 тамызда қайталанған.

"Динаны жүрек талмасымен дәл қазір ауруханаға апара жатыр. Кейінгі жиырма күнде Динада екі рет жүрек талмасы ұстады: 9 тамызда және 25 тамызда тағы қайталанды. Қыздың ісіне және қорға түскен жүктемеге байланысты, лас әңгімелер мен айыптаулар өте көп. Бірақ осы жолы жүрек талмасы тура бір сағатқа созылды. Қаладан дәрігер таппай, қаржылай мүмкіндігіміз болмағандықтан ем ала алмадық. Ауруды үйде басуға тура келді. Жедел жәрдем қымбат әрі босқа шақыратын едік", – деді қор өкілдері.

24 тамызда Дина терапевтің қабылдауында болған. Дәрігер ЭКГ-дан жүрек ақауларын анықтаған. Алайда басқа кардиологтардың болмауына байланысты келесі қаралуға қыркүйектің ортасына ғана жазылуға тура келген. Бірақ 25 тамызда жүрек талмасы ұстағандықтан, қыркүйекке дейін күту қауіпті деп шешкен.

"Бүгін денсаулығы нашарлап кетті, басқа қалаға баруға тура келді. Себебі Черногорияда мамандар тым аз. Көбі еңбек демалысында екен. Сондықтан кардиологты басқа қаладан таптық", – деп жазды қор өкілдері.

Қор өкілдері Динаның еміне және жол шығындарына қаражат жетпейтінін айтты.

"Таксиге, дәрігерлердің қабылдауына, тексеруге, анализдерге, УДЗ мен жүректің ЭКГ-сына, ауруханаға жатқызу үшін қаражат жеткіліксіз. Қолдау білдірген барша жанға рахмет!", – деді қордың баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін ол өзінің атынан бір жылда 20-дан аса қылмыстық іс қозғалып, қайта жабылғанын жария етті. Бұл істердің заңсыз жүріп жатқанын айтқан Дина үндемей отырудан шаршағанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу