Динагүл Баешева: Ата-анаңыздың денсаулығын жіті қадағалаңыздар

1466

Эпидемиолог Қазақстан жастарына үндеу тастады.  

Динагүл Баешева: Ата-анаңыздың денсаулығын жіті қадағалаңыздар

Коронавирус дене қызуын көтермеуі де мүмкін. Мұндай симптом әсіресе егде жастағы адамдарда жиі байқалатын көрінеді. Жұқпалы аурулар маманы Динагүл Баешева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте осындай мәлімет айтты.       

"Төтенше жағдай алынғаннан бері инкубациялық кезең деп саналатын 14 күн өтті. Бірінші аптада вирус ағзаға орнықса, екінші аптада өкпеде пневмания туғызуы мүмкін. Аталмыш кезеңде жиналған науқастардың бойынан осы белгілер жиі анықталып жатыр.  Одан кейін әсіресе егде жастағы адамдар өзінің денсаулығына мән беріп жатпайтынын ескеру керек. Бұл инфекцияның бір ерекшелігі, міндетті түрде қызу көтерілмеуі мүмкін. Жөтел мен әлсіздік қана байқлауы мүмкін. Ал созылмалы аурулары бар егде адамдар үшін бұл симптомдарды елеусіз қалдымау өте маңызды. Вирус жоғарғы тыныс жолдарынан төменгі тыныс бөліктеріне түскен кезде ПТР-тест арқылы анықтау мүмкін болмай кетеді. Одан кейін бұл вирус тыныс жолдарын ғана емес, буындарды да зақымдайды. Жасы үлкен, созылмалы ауруы бар адамдар сақтансын дейтініміз содан. Олардың иммунитеті әлсіз болғандықтан, вирусқа қарсы тұра алмайды. Сондықтан осы бір тәуекел тобына бәріміз қамқор болуымыз керек. Құрметті Қазақстан халқы, жастар, ата-аналарыңызды ауру тәуекелінен сақтау. Бұл тұрғыда әлеуметтік ымыра керек. Осыны жан дүниемізбен ұққанымыз жөн", – деді эпидемиолог.

Есжан Ботақара

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу