Динара Сәдуақасова Астана шахмат Федерациясының құрметті президенті болып сайланды

535

Бұл туралы танымал шахматшы, халықаралық гроссмейстер Динара Садуақасова Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Динара Сәдуақасова Астана шахмат Федерациясының құрметті президенті болып сайланды Фото: facebook/dinara.saduakassova

"Құрметті достар! Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліспекшімін. Астана шахмат Федерациясының құрметті президенті болып сайландым. Оған себепкер, шахматқа жаныашыр, қолдаушы Астана қалалық федерация Президенті Абзал Сағымбаев мырзаға рахмет айтқым келеді. Абзал Екрамбекұлының ұсынысымен Федерация құрылтайшылары мен атқару комитетінің қызметкерлері бір ауыздан қолдады.

Осы мақсатта мен шахматты одан әрі насихаттап, дамытуға маған білдірген сенімдеріңіз бен үміттеріңізді ақтауға тырысамын. ФИДЕ спорт комиссиясында тәжірибесі бар ЮНИСЕФ-тің ізгі  елшісі ретінде өз білімім мен энергиямды барымша шахматтың көркеюіне жұмсаймын.

Шахмат жұртшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, Абзал Екрамбекұлымен бірлесе жұмыс жасаса Астана шахмат Федерациясы одан да белсенді әрі беделі биік болатынына сенемін. Алда өршіл мақсаттар тұр. Көп жұмыс, сәттілік тілеймін", - деп жазды Динара Садуақасова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу