Динара Сәдуақасова Чехияда өткен турнирде жеңіске жетті

1291

Ал Жансая Әбдімәлік 2-орын алды.

Динара Сәдуақасова Чехияда өткен турнирде жеңіске жетті

Чехияның Пардубице қаласында жыл сайынғы "Pardubice Czech Open" шахмат турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық Динара Сәдуақасова жеңіске жетті. Ол 9 турда 6,5 ұпай жинаған. Дәл осындай нәтижені тағы бір қазақстандық спортшы Жансая Әбдімәлік көрсетті. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша ол 2-орын алды. Үздік үштікті Болгариядан келген Нургуль Салимова түйіндеді. Оның көрсеткіші 6 ұпай.

Айта кетейік, турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен келген 300 шахматшы қатысты.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу