Динара Сәдуақасова халықаралық рейтингте үздіктер қатарынан табылды

758

Динара Сәдуақасова халықаралық рейтингте үздіктер қатарынан табылды

Халықаралық шахмат федерациясы (ХШФ) үздіктердің тізімін жасады. Аталған көрсеткіште қазақстандық шахматшы қыз Динара Сәдуақасова 19-шы орынға орналасты, деп хабарлайды prosports.kz.

Отандасымыз Гибралтарда өткен ашық турнирде бақ сынап, тамаша нәтиже көрсетті. 50 елден 276 ойыншы қатысқан жарыста Динара үш рет жеңіске жетті. Ол екі кездесуін гроссмейстер атағы бар ер азаматтарға қарсы өткізді.    

Осы жеңістерінің арқасында Динара халықаралық рейтингте үздік 20 шахматшының қатарында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу