Халықаралық гроссмейстер Динара Садуақасова № 59 мектеп-лицейдің оқушылары үшін бір мезгілді шахмат ойынының сеансын өткізді. Турнирге 7 мен 17 жас аралығындағы 35 оқушы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Динара балалардың жақсы ойын көрсеткенін тілге тиек етіп, олардың шахматқа зор қызығушылық танытқанын, алдағы уақытта жақсы жетістіктерге жетуді көздейтінін айтты.
Оқушылар Әлем чемпионына өз алғыстарын білдірді. Шара соңында № 59 мектеп-лицейде жақын арада Динара Садуақасованың шахмат академиясы филиалының ашылатындығы белгілі болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу