Мұны Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның бесінші отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті ретінде белгіленген.
Зәкиева бұл нормалар тек декларация емес, мемлекеттік саясат пен балалардың құқығын қорғау саласындағы практикалық жұмыстың негізі екенін айтады. Соңғы бір жылда ғана балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 51 мыңнан аса жағдай тіркеліп, мемлекет тарапынан құқықтық қорғау шаралары қабылданған.
– Бұл нормалардың ең басты маңызы – балалардың өмірінде көрініс табатыны. Әрбір көрсеткіштің артында баланың тағдыры мен отбасылардың өмірі тұр, – деді Динара Зәкиева.