Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балалардың психикасына қауіпті кітаптар, онлайн ойындар және топтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Балалар құқықтарын қорғау комитеті барлық мектеп чатына қауіпті топтар мен кітаптардың тізімін, сондай-ақ назар аудару керек белгілер мен балаларды түрлі қатерлерден қорғау үшін көмекке жүгінуге болатын қызметтердің байланыс мәліметтерін қамтитын ескертуді жіберді", – деп жазды Динара Закиева.
Ол ата-аналарға балаларының жедел қызметтер мен сенім телефондарының нөмірлерін жаттап алғанына көз жеткізу маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар балалар өмірге қауіпті жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсінгені де аса маңызды дейді.
Тізімде "көк кит", "қаш немесе өл" сияқты топтар көрсетілген.