Олардың қатарында Динара Зәкиева да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол Бейжің Тіл және мәдениет институтын 2001 жылы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "халықаралық құқық" мамандығы бойынша 2002 жылы, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын "халықаралық құқық" мамандығы бойынша 2004 жылы және MBA Hult international business school 2013 жылы бітірген.
Еңбек жолын "ТопЮрАудит" ЖШС бас директорының орынбасары (2004-2005 жж.) ретінде бастаған.
Одан соң ҚР Индустрия және сауда министрлігінде Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы болса, "Antarex" ЖШС негізін қалаушы ретінде де танылды.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының сарапшысы, "Қасиетті Жол" қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары – партияның халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі (2013-2015 жж.) болды.
– Астана қаласы әкімдігінің "Балалар үйі" КММ директоры (2017-2019 жж.);
– "Nur Otan" партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы (2019 ж.);
– Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы "Қамқорлық қоры" корпоративтік қорының басшысы (2019 ж.);
– 2021 жылғы 15 қаңтардан Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты;
– 2022 жылдан бастап "Аманат" партиясының Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің жетекшісі;
– 2023 жылғы 12 маусымда президент өкімімен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды. Ал 2026 жылдың 28 тамызында Құрылтай депутаты атанды.