Динара Зәкиева: Тұрғын үйге құқық – адам қауіпсіздігінің негізгі шарты

122

Бұл норманы Конституциямен бекіту балалардың құқықтық қорғалуын күшейтеді.

Динара Зәкиева: Тұрғын үйге құқық – адам қауіпсіздігінің негізгі шарты

Халықаралық стандарттарға сәйкес, балалардың өмір сүруіне, дамуына және құқықтарын қорғауына ең қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі Конституцияда "тұрғын үйге қол сұғуға болмайды, сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді" деген ережені "тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға да сот шешімінсіз жол берілмейді" деп толықтырған жөн деп атап өтті. Тұрғын үйге құқық – тек әлеуметтік кепілдік емес, ең алдымен, адам қауіпсіздігінің негізгі шарты. Әсіресе, балалар үшін. Халықаралық стандарттарға сәйкес, балалардың өмір сүруіне, дамуына және құқықтарын қорғауына ең қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс", – деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Динара Зәкиеваның айтуынша, Конституциялық реформа аясында баспанадан адамның өмірлік жағдайын, әсіресе балалар мүддесін ескермей, тұрғын үйден шығаруға жол бермейтін қосымша кепілдіктер бекіту маңызды. 

"Осыған байланысты ҚР Конституциясының жобасында мемлекеттің азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай жасаумен қатар, соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыру және шығаруға жол бермеу туралы Мемлекет басшысының ұсынысын қолдаймыз. Аталған норманы Конституциямен бекіту ең алдымен балалардың құқықтық қорғалуын күшейтіп, бұл кепілдіктерге тұрақты сипат береді. Осылайша тұрғын үйге құқық нақты әрі тиімді қорғалу механизміне ие болады", – деді ол.

Айта кету керек, бұған дейін жаңа Ата заң жобасына қосымша нормалар енгенін жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу