Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қостанай облысы Жітіқара қаласында өрттен қаза тапқан балалардың жақындарына психологиялық көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өрт сөндірушілер өртті таңғы сағат 06:08-де сөндірген. Тілсіз жау басталғанда үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған алты бала ата-анасының қарауынсыз отырған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешке танысының үйіне кеткен, ал жұбайы жазасын өтеу мекемесінде. Өңірлік уәкіл оқиға орнында. Психологтар балалардың туыстарына қажетті психологиялық көмекті көрсетіп жатыр. Ата-ана мен жақындарына көңіл айтамын, - деп жазды Динара Зәкиева.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.