Діндер көшбасшылары съезінің Декларациясы қабылданды

780

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIІ съезі өз жұмысын тәмамдады.

Діндер көшбасшылары съезінің Декларациясы қабылданды

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIІ Съезінің Декларациясы қабылданды, деп жазады inbusiness.kz.

Декларацияны Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіндегі Англикан шіркеуінің арнайы өкілі Доркинг епископы Джо Бейли Уэллс таныстырды. 

"Біз әлемдік қоғамдастықтың ғылым, техника, медицина, өнеркәсіп және басқа да салаларда қол жеткізген процесін қолдаймыз. Бірақ бұл ретте оларды рухани, әлеуметтік құндылықтармен үйлестірудің маңыздылығын атап өтеміз. Біз әлеуметтік мәселелер көбінесе адамдарды шектен тыс көзқарастар мен істерге итермелейтінін түсінеміз және әлемнің барлық мемлекеттерін өз азаматтары үшін лайықты өмір сүру үшін жағдайларын қамтамасыз етуге шақырамыз", – деді Джо Бейли Уэллс.

Декларацияда саяси және қоғам қайраткерлерінің, журналистер мен блогерлерді діни жалпылаудан сақ болу және экстремизм мен терроризмді қандай да бір ұлтпен немесе дінмен теңестірмеу, сондай-ақ дінді саяси мақсаттарда пайдаланбау туралы айтылды. 

Спикер білім беру мен діни ағартудың рөлін арттыру, отбасы институтын нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аудару керектігін атап өтті. 

"Жиырма үшіншіден, біз, әйелдердің қадір-қасиеті мен құқықтарын қорғауға, олардың отбасы мен қоғамның тең құқылы мүшесі ретіндегі әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ, олардың мәдени және діни салалардағы бейбіт процестерге қатысуын көтермелеуге ат салысамыз. Жиырма төртіншіден, біз, әлемдік цифрлық дамудың сөзсіздігін, сондай-ақ діни және рухани лидерлердің цирфлық теңсіздік мәселелерін шешуде саяси қайраткерлермен өзара іс-қимыл жасаудағы рөлінің маңыздылығын атап өтеміз", – деді Англикан шіркеуінің арнайы өкілі.

Құжатта діни білімнің, дінаралық толеранттылық пен азаматтық бейбітшіліктің ілгерілуі үшін діни құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ діндерге жалпы төзімділікті қалыптастыруға БАҚ пен қоғамның басқа да институттарымен диалогты дамыту жөнінде де айтылған.

Бұдан бөлек Джо Бейли Уэллс барлығын Жер шарында қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге үлес қосуға шақырды. Айтулы шараны ұйымдастырғаны үшін және бейбітшілік пен келісімге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасына және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді.

"Осы съездің қорытынды құжаты қабылданды. Ол әрбір ел үшін, халықаралық ұйымдар үшін, саясаткерлер үшін негізгі басшылық құжат ретінде қызмет ете алады деп ойлаймын. Біздің міндетіміз осы Декларацияның идеяларын ілгерілету. Менің ойымша, осы съезді одан әрі дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын дайындауымыз керек. Бұл құжатта форумның ықпалын одан әрі күшейтудің нақты қадамдары мен кезеңдері қамтылуы тиіс. Қазақстан ішкі және сыртқы саясатындағы басымдықтарға сәйкес съездің бұдан кейінгі қызметіне толығымен қолдау көрсететін болады. Өркениеттер арасындағы ашық диалогты өрбітуге ықпал ету және бейбітшілікті нығайту біздің мақсатымыз болып қала бермек", – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Атап өту керек, Декларация БҰҰ Бас ассамблеясының 77-сессиясының ресми құжаты ретінде таратылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу