Діндер лидерлерінің съезі аясында алғаш рет жас діни көшбасшылар форумы өтеді

243

Ізгі ниет елшілері институтын құру жөніндегі бастама іске асырылды. 

Діндер лидерлерінің съезі аясында алғаш рет жас діни көшбасшылар форумы өтеді Фото: inbusiness.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2033 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында атқарылған жұмыстармен таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2022 жылдың қыркүйегінде өткен жетінші Съезде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында бекітілген "Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 2033 жылға дейінгі тұжырымдамасын" әзірлеу туралы бастама көтерді. Тұжырымдама Съездің одан әрі дамуының жалпы бағыт-бағдарын, миссиясы мен мақсаттарын анықтайды", - деді ведомство басшысы.

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде келесі жұмыстар атқарылды.

"Қазақстан Хатшылық пен Съездегі әріптестермен халықаралық қоғамдастықта тұжырымдаманы ілгерілету мақсатында маңызды жұмыстарды іске асыруда. Съез серіктестерімен бірлесе отырып, Үндістан, Түркия, Мысыр мен Ватиканда тақырыптық дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Сонымен қатар "Қазақстан – әлемнің рухани астанасы" тақырыбында тақырыптық экспозициялар, көрмелер, мұрағаттық презентациялар ұйымдастырылды, онда біздің суретшілер мен каллиграфтардың үздік жұмыстары ұсынылды. Біз сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің жоғары оқу орындарында Съез Тұжырымдамасының идеяларын ілгерілету бойынша дәрістер сериясын іске асырудамыз", - деді Аида Балаева.

Министр ертең Съезд тарихында алғаш рет Жас діни лидерлер форумы өтетінін баса айтты.

"Іс-шараның мақсаты – жаһандық сын-қатерлерді шешу жолында ұрпақтар сабақтастығын жалғау, бірлесе күш-жігер біріктіру. Форум аясында Съездер мен Хатшылықтардың діни материалдарының электрондық кітапханасының, олардың қатысушыларының, халықаралық ұйымдар өкілдерінің, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғалымдар мен сарапшылардың сөздері мен еңбектерінің таныстырылымы өтеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Ізгі ниет елшілері институтын құру жөніндегі бастама іске асырылды. Бұл өте маңызды іс-шара және біз рухани дипломатияны дамытуда елшілерден үлкен үміт күтеміз", - деді Мәдениет және ақпарат министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу