Діндер съезі қазіргі әлемдегі күрделі кезеңде, дағдарысты жағдайда өтіп жатыр – ҚР Президенті

593

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.  

Діндер съезі қазіргі әлемдегі күрделі кезеңде, дағдарысты жағдайда өтіп жатыр – ҚР Президенті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен елорда әуежайында кездесті.

Кездесу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға келуге шешім қабылдағаны үшін шын жүректен алғыс айтты.

"Бұл оқиғаның тарихи маңызы бар екені сөзсіз. Сіздің сапарыңыз, ең алдымен барша қазақстандықтың назарын аударатынына кәміл сенемін. Сіздің сапарыңыздың аясында мемлекеттік аппараттың, азаматтық қоғамның, дипломатиялық корпустың және БАҚ-тың өкілдері қатысатын іс-шара өтеді. Барлығы Сіздің сөйлейтін сөзіңізді асыға күтіп отыр. Сіздің Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуыңыз – зор маңызы бар оқиға. Сіздің шараға арнайы қатысуыңыз аталған форумның табысты болуына үлкен септігін тигізеді. Жиын қазіргі әлемдегі күрделі кезеңде, дағдарысты жағдайда өтіп жатыр деуге болады", – деді Президент.

Кездесуден кейін жоғары мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу