Діндер съезін ұйымдастыруға еріктілер де қатысады

685

Съезге әлемнің 51 елінен келетін 100-ден астам делегация қатысады.

Діндер съезін ұйымдастыруға еріктілер де қатысады

Нұр-Сұлтанда қыркүйек айында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне 500-ден аса волонтер жұмылдырылады.

Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Орталық Азия волонтерлер форумында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Съезге әлемнің 51 елінен келетін 100-ден астам делегация қатысады деп күтілуде. Бұл, ешбір әсірелеусіз, ерекше және тарихи оқиға болмақ. Осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастыру үшін біз 500-ден астам волонтерді жұмылдырып отырмыз. Олар бізге Форумды өткізуге көмектеседі", – деді Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу