8 жыл халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық елге жеткізілді

171

Бұл қылмыстың өзге де қатысушылары әртүрлі жауаптылыққа тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. 

8 жыл халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық елге жеткізілді Фото: ҚР Бас Прокуратурасы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары өткізген бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде діни алауыздықты қоздырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейден қайтарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Күдікті 2016-2017 жылдары Алматы қаласында бірнеше рет діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың діни сезімдерін қорлауға, азаматтардың дінге деген көзқарасы негізінде олардың эксклюзивтілігін, артықшылығын және кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер жасаған.

Осыдан кейін, 2017 жылы күдікті Мәскеуде қарақшылық жасап, сотталған.

Ресейде жазасын өтегеннен кейін аталған адам қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға қайтарылды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу