Бұл туралы 30 желтоқсанда Arab News жаңалықтар порталы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Палестина ұлттық бастамасы қозғалысының Бас хатшысы Мұстафа Баргути барлық Палестина күштерін бірігуге және жаңа Израиль басшылығына дереу бойкот жариялап, оқшаулауға шақырды.
Баргути Беньямин Нетаньяхудың Палестинаның бүкіл жері тек еврейлерге тиесілі екендігі туралы мәлімдемелеріне аса назар аударды.
Баргутидің айтуынша, жаңа үкімет Израильде және басып алынған территорияларда тұратын палестиналықтарға қарсы апартеид режимін тереңдетіп, нығайта түседі.
Батыс жағалаудағы жерлерді қосу, Әл-Ақса мешітінің мәртебесін өзгерту мен Палестина әкімшілігінің әскери немесе қаржылық қыспақтан әлсіреуі палестиналықтардың жан дауасына айналғаны қашан.
"Аль-Хак" құқық қорғау қорының директоры Шаван Джабарин Израиль басшылығының "экстремистік діни әрі идеологиялық көзқарасы" палестиналықтармен қақтығысты саяси дау-дамайдан қанды діни бәсекелестікке айналдыруы мүмкін екенін ескертеді.