Діни қызмет туралы заң талабы күшейтілуде

997

Діни қызмет туралы заң талабы күшейтілуде

Еліміздегі діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң қатаңдатылмақ. Қазір құжатқа енгізілген өзгерістер талқылаудан өтуде. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты, Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Балғабек Мырзаевтың мәліметінше, заң жобасында шетелде діни білім алу, қоғамдық орындарда адамның-бет бейнесін тұмшалайтын киім түрлерін киюге, діни жоралғылар бойынша неке қиюға қатысты шектеулер енгізілмек. Сонымен қатар ақпарат құралдарында жат ағымдарды уағыздайтын киім үлгілерін көрсетуге әрі киюге де тиым салу көзделіп отыр. Бастысы құжатта кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді заңсыз діни ағымдарға тартатындарға қатысты жауапкершілік күшейтілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу