Полицейлер азаматтарды рухани сұхбат пен діни білімді тек ресми тіркелген діни ұйымдардан алуға шақырады. Құқық бұзушылыққа жол берген азаматқа ескерту берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тағы бір петропавлдық жауапқа тартылды. Ол интернет кеңістігінде діни мазмұндағы фото және бейнематериалдар таратқан. Айта кетейік, ол өткен жылы осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды тарату тек діни ғимараттарда, рухани білім беру ұйымдарында және арнайы белгіленген стационарлық орындарда ғана рұқсат етіледі.