Діни шаралар онлайн форматта өткізіліп жатыр

1124

Діни шаралар онлайн форматта өткізіліп жатыр

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нұкежанов діни шаралар онлайн форматта өткізіліп жатқанын мәлімдеді. 

"10 сәуірде төтенше жағдай жарияланған болатын. 3 сәуірде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев діни шараларды ұйымдастыру кезінде онлайн форматты ұстануды ұсынды. Діни ұйымдар бұл ұсыныстарды қолдады. Енгізілген шектеулер бұл мәжбүрлі, уақытша шаралар болып табылады. Біз Қазақстанның әр азаматының ар-ожданы мен діни сеніміне құрметпен қараймыз. Ал қалыптасқан жағдайда денсаулық мәселесіне баса назар аударуымыз керек", –деді Ержан Нұкежанов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу