Діни топ өкілдері жеке балабақша ашып, қандай тәлім-тәрбие беріп жатқаны белгісіз – депутат

395

Халық қалаулысы бұл мәселе елдің батыс өңірлерінде өзекті екенін айтады. 

Діни топ өкілдері жеке балабақша ашып, қандай тәлім-тәрбие беріп жатқаны белгісіз – депутат Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне білім, тәрбие мәселесінде тексеру құзыретін кеңейту қажет деп санайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Экстремистік мақсаттағы әдебиеттерді, әсіресе, діни экстремистік сипаттағы әдебиеттердің таралуына тосқауыл қою мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосымша өкілеттіктер беру туралы нормамен толық келісеміз. Дегенмен ақпарат тек қана әдебиеттер арқылы тарамайды, сонымен қатар ол білім және тәрбие арқылы таралатыны да белгілі. Қазіргі таңда еліміздегі балабақшаларда жеткілікті орын болмауына байланысты жеке балабақшаларды ашу кеңінен тараған үрдіс. Еліміздің батыс өңірлерінде көптеген діни топ өкілдері жеке балабақшалар ашып, қандай тәлім-тәрбие беріп жатқаны белгісіз. Бірақ осындай жағдай еліміздің батыс өңірлерінде кең тараған. Біз бұл туралы бұрын айттық. Осыған байланысты ҰҚК-ге білім, тәрбие мәселесінде тексеру құзыретін кеңейту қажет деп есептемейсіз бе?", – деп сұрады Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.

Бұл сауалға Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Алмас Наймантаев жауап берді.

"Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге қоғамдық, саяси, әскери, экономикалық, ақпараттық және экологиялық түрлері жатады.  Қоғамдық қауіпсіздікке жалпы құқықтық тәртіп жатады. Ол отбасынан бастап, балабақша мен мектептер деңгейінде алдын алу шараларын қамтиды. Үйлестіру кеңестері мен түрлі штабтарда уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, тиісті шаралары әзірленеді", – деді ҰҚК өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу