Д. Әбсаттаров 1978 жылы Қызылорда облысында туған. 2001 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бітірді.
2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін мұнайшы-инженер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы "Ақтөбе хром қосындылары зауыты" АҚ-да экономикалық жоспарлау бөлімінде экономист болып бастаған.
2002-2006 жылдары Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, Қызылорда облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің меңгерушісі, әкім аппаратының инспекторы, Қызылорда облысы әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді.
2006-2010 жж. – Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы.
2010-2011 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік жолдары комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент директорының орынбасары.
2011-2012 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.
2012-2013 жж. – "Атамекен" Одағы" ҚҰЭП Басқарма мүшесі.
2013-2014 жж. – Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры.
2014-2019 жылдары ҚР "Атамекен" ҰКП-да әртүрлі қызметтер атқарды.
2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін – "Қорғас" шегара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы "Арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы.