Дінмұхаммед Қонаевтың қарындасы дүниеден озды

364

Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек естіртті.

Дінмұхаммед Қонаевтың қарындасы дүниеден озды Фото: Молекулалық биология және биохимия институты

Қазақстан ғылымы ауыр қазаға ұшырады. Дінмұхаммед Қонаевтың туған қарындасы, ғалым, микробиолог, профессор Рауза Қонаева 91 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутат марқұмның адамгершілік болмысы мен ұстаздық қасиетін еске алды.

"Ол әрдайым адамға тура қарап сөйлейтін. Айтар сөзін ойланып, адамға нақты керек-ау дейтін сөзді таба білетін. Әрдайым жымиып жүретін, ішіндегі уайымы мен үрейін ешқашан көрсетпейтін", – деп жазды ол.

Рауза Қонаева 1934 жылы Алматы облысы Шілік ауылында туған. 1952 жылы ол М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетіне оқуға түсіп, оны 1956 жылы үздік аяқтады.

Сол жылдан бастап 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ғылым академиясында еңбек етіп, отандық ғылымның дамуына зор үлес қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу