Дінмұхаммед Қонаевтың жеке хатшысы 100 жасқа таяған шағында өмірден озды

294

Жукова Зинаида Петровна жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден өтті.

Дінмұхаммед Қонаевтың жеке хатшысы 100 жасқа таяған шағында өмірден озды Фото: Қонаев музейі

Дінмұхаммед Қонаевтың хатшысы Зинаида Жукова қайтыс болғаны туралы Қонаев музейі мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қаралы хабар Қонаев музейінің Instagram парақшасында жарияланды.

"Д.А.Қонаев музей ұжымы Дінмұхаммед Ахметұлының 1964-1986 жылдар аралығында жеке хатшысы болған Жукова Зинаида Петровнаның (26.03.1924-04.11.2023) жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден озғаны жайында қайғыра хабарлайды! Туыс -туғандарына қаймыға көңіл айтамыз",- делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу