Дипфейк жасайтындарға тықыр таянды

240

Алаяқтар дипфейк технологиясын белсенді қолданып жатыр.  

Дипфейк жасайтындарға тықыр таянды Фото: freepik

Қазақстанда дипфейктер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізулі мүмкін. Мәжіліс бұл норманы қарастыруға дайын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Бүгінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық кең етек алды. Атап айтқанда, дипфейк технологиясын қылмыстық мақсатта белсенді қолданылып жатыр. Мұндай мысалдар өте көп. Алаяқтар адамдардың туыстары мен әріптестерінің дауысын айнытпай салып, ақша сұрайды. Жалған материалдарды ажырату өте қиын",  деді Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев.

Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, дипфейк – жасанды интеллект технологиясы дамуының көлеңкелі жағы. 

"Қазір ол жылдам дамып келеді. Біздің әріптестерімізге өте көп дипфейк жасалды. Ең әуелі дипфейктер электоралды кезеңде манипуляция жасау үшін пайдаланылды. Алайда кейінгі кезде оны алаяқтар белсенді қолдана бастады. Әлемде оған қатысты әртүрлі тәсілдер қолданылады. Оны шартты түрде екіге бөліп қарастыруымызға болады. Біріншісі – дипфейктер қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу, екіншісі – контент жасаушының дипфейк қолданғаны туралы таңбалауды қоюы",  деді ол.

Мәжіліс депутаты дипфейк пен ақиқатты айыру өте қиын екенін мойындап отыр.

"Жауапкершілік дипфейкті жасағаны үшін пайда болмайды, оның әкеп соққан салдарына қатысты. Оның құрамында дезинформация, негативті контент, іскерлік беделге нұқсан келтіру жағы болса, оған жаза жағын қарастыратын боламыз. Заң жобасында жасанды интеллектің манипуляциялық жүйелерін таратуға тыйым салу жағы қаралған. Оларға дипфейк жатады",  деді Екатерина Смышляева.

Айтуынша, құжатқа әзірге қылмыстық жауапкершілік енгізілген жоқ. Бірақ жұмыс тобында бұл ұсыныс талқылануы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу