"Диплом алуға көмектесемін": Абай облысында алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды

98

Полицияға Үржар ауданының 24 жастағы тұрғыны жүгініп, 2025 жылдың ақпан айында алаяқтықтың құрбаны болғанын мәлімдеген.    

"Диплом алуға көмектесемін": Абай облысында алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды Фото: bilimdinews.kz

Абай облысында полицейлер алаяқтық қылмысын әшкереледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында 44 жастағы әйел диплом алуға көмектесемін деген желеумен жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның 600 мың теңге қаражатын иемденгені анықталды. Алайда уәде етілген құжат берілмеген.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу