Диплом сатып алу қанша тұрады?

1521

Жалған дипломмен еңбек етіп жүрген 250 адам анықталды  

Диплом сатып алу қанша тұрады?

Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы өскеннен кейін жалған дипломға сұраныс артқан. Сәйкесінше, өтірік қағаз жасайтындар да оның құнын еселеп көтеріп жіберіпті. Осыған дейін 200-300 мыңға сататын құжат қазір 4-5 мың долларға дейін бағаланып отыр.

Диплом сатып аламын дегендерге қазір расында еш қиындық жоқ секілді. Сайттар ашық жұмыс істеп тұр. Әр университеттің дипломдарын жарнамалап шығарып қойған, міне мынадай етіп. Арасында 10 жылдық тәжірибесі барлар да бар. Тіпті, ЖОО-рымен жақсы қарым-қатынаста екендерін, сол университеттерден тікелей түпнұсқа диплом алып беретіндері де жазылған. Солардың бірімен байланысып көрдім. Жалған дипломның құны сайттарда 85 мыңнан басталады деп көрсетілген. Алайда, қазір ондай баға жоқ. Мың доллардан 5 мың долларға дейін барады.

Ішкі істер министрлігі нақты "жалған диплом жасайтын сайттар" деп  бөліп статистика жүргізбейтін болып шықты. Оларды анықтауда да жалған құжат жасау бабына қосылатындықтан, бөлек ақпарат ала алмадым. Десе де, жыл басынан бері өңірлерде анықталған ақпараттарды біріктірдім. ГРА Карта: бұл тек білім саласы бойынша. Атырау облысында 81, СҚО 80, Түркістан облысында 81, Маңғыстау облысында 8. Тек жыл басынан 250 жағдай анықталып тұр.

"Бұл сайттардың көзін құрту үшін ол сайттармен күресу мүмкін емес. Егер мемлекет жұмысқа тұрған кезде, кез келген жұмыс беруші Еңбек министрлігінің сайтына кіріп, дипломдарды тексеруге тапсырма берсе, сол кезде дипломды сатып алу сұранысы болмайды. Егер сатып алса, жұмысқа тұратын болса, жұмысқа алмайтын болса, оның не қажеттілігі бар? Қажеттілік болмай қалады. Сондықтан оны бір шешіммен, бір бұйрықпен шешетін сұрақ. Бірақ оны ешкім де шешпейді, ешкімге ол тиімді емес. 4:37 Біріншіден жоғары жақтан әрине біреу қолдап отыр. екіншіден жоғары жақта отырған адамдардың ішінде жоғары диплом сатып алған адамдар бар. Егер тергеу жүргізіліп, бәрі анықталса, соларға әкеліп соғуы мүмкін ба деп қорыққандықтан жұмыстар жүргізілмей отыр", - дейді Денсаулық сақтау экс-вице-министрі Олжас Әбішев.

"Әр дипломның астында мөр болады. Мөрде ЖОО аты, мекен-жайы жазылады. Егер құзырлы органдарда ниет болса, оны анықтау қиын емес қой. Оны анықтауды, бей-берекет диплом тарататуды тоқтатуды Аймағамбетов бастап еді. Сапасыз оқу орындарын жауып. Бірақ, Аймағамбетов жапқан ЖОО басқа атаумен қайта ашылды. Менің қаупім солар бұрынғы жұмыстарын қайтадан жалғастырады. Менің ойым, оның артында үлкен күш тұрған секілді", - дейді Білім саласының сарапшысы Өмір Шыныбекұлы.

Диплом жасайтын алаяқтармен күресу үшін жол картасы дайындалды. Бұл ретте интернеттегі сайттарда дипломы қаптап тұрған 3-4 ЖОО-ына хабарласып, мөрі мен қолдардың қаншалықты сәйкес келетінін анықтамақ болып едім. Олар да сұрақты айналып өтіп, нақты жауап беруден бас тартты. Ал, министрліктегілер алаяқтармен күресу үшін арнайы жол картасын дайындадған. Одан өзге, 1991-2021 жылдар аралығында білім алған 3 млн маманның 70 пайызының дипломын цифрландырыпты.

Осыған дейін министрліктің қызметкері жалған 58 ғалымсымақ PHD дипломын алып бара жатқан жерінен ұсталған еді. Әрине, осыдан кейін, мен де алаяқтықпен саланың мамандары айналысып отыр деп ойлаймын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу