Дипломат күйеуінен зәбір көрген әйелдің ісіне қатысты іс қозғалды

219

Астана полициясы қылмыстық іс қозғады. 

Дипломат күйеуінен зәбір көрген әйелдің ісіне қатысты іс қозғалды Фото: ашық дереккөз

Астана полициясы дипломат күйеуінен зәбір көргенін айтқан қазақстандық Карина Мамаштың ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды", – деп хабарлады Астана полициясының баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрлігі де жағдайға пікір білдірді.

"Біз бұл қызметкерді шұғыл түрде Қазақстанға шақырып жатырмыз, енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады", – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу