"Дипломат мұндай мәлімдемеге жол бермеуі керек": Қошанов Ресей елшісіне жауап берді

1158

Мәжіліс төрағасы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің еліміздегі русофобияға қатысты сөздеріне пікір білдірді. 

"Дипломат мұндай мәлімдемеге жол бермеуі керек": Қошанов Ресей елшісіне жауап берді Фото: tengrinews.kz

"Атамекен Бизнес" журналистеріне берген эсклюзивті сұхбатында Ерлан Қошанов: "дипломат мұндай мәлімдемелерге жол бермеуі керек",- деді. 

Сондай-ақ елшіні Ресей пропагандисттері мен арандатушыларының жетегінде кетпеуге шақырды. 

"Оның сұхбатының кейбір сәті расымен, оның лауазымына сәйкес келмейді және оған жақсы атақ әпермейді. Бородавкин мырза өте тәжірибелі дипломат, біз оны бұрыннан білеміз. Оның үгіт-насихатшылар мен саясаттанушылардың жетегіне еріп кетуіне болмайды. Ресейде де, басқа елдерде де ксенофобия бар. Сондықтан біз елдеріміздің, мемлекеттеріміздің игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Біздің мәлімдемелеріміз, саясаткерлердің мәлімдемелері бірінші кезекте екіжақты қарым-қатынасқа нұқсан келтірмеуі тиіс", деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан  Қошанов.

Айта кетсек, Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік басылымдардың біріне берген сұхбатында Қазақстанда радикалды ұлтшылдық пен руссофобияның белең алып бара жатқанын мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу