Дипломатия органдарының қызметі жетілдіріледі

739

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. 

Дипломатия органдарының қызметі жетілдіріледі Фото: Максим Морозов

Құжат қазақстандық дипломаттардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және дипломатия органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған.

"Дипломатиялық пошта" ұғымын енгізіп, Қазақстан Республикасы үкіметінің, сыртқы істер министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдарының дипломатиялық поштаны жинақтау, ресімдеу және жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі функцияларын бекіту ұсынылды", – деді Мұхтар Тілеуберді.

Министрдің мәлімдеуінше, заң жобасында шет мемлекеттердегі мекемелердің жұмыс ерекшелігін ескере отырып, олардың шаруашылық қызметі мен қаржылық тәртібіне байланысты мәселелерді жүйеге келтіруге қатысты өзгерістерге басымдық берілген.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу