Дипломатиялық дағдарыс Qatar Airways компаниясын шығынға батырды

913

Қаржы жылындағы компанияның шығыны 10 есе өскен. 

Дипломатиялық дағдарыс Qatar Airways компаниясын шығынға батырды

Reuters агенттігінің дерегінше, Qatar Airways шамамен 639 млн доллар көлеміндегі қаражатын жоғалтты. Бұған дипломатиялық дағдарыс, дәлірек айтқанда көршілес елдермен әуе қатынасының үзілуі себеп болып отыр. Салдарынан әуе бағыттарының саны азайып, шығын көлемі артқан. 

Былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 10 есе көбейген.  

Компания өкілі Ақбар Әл-Бейкердің айтуынша, валюта бағамының құбылмалылығы да шығынның өсуіне түрткі болған. Бірақ ол компанияның бұрынғыша жұмыс істей беретінін айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың маусым айында Сауд Арабия, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейн мемлекеттері Катармен дипломатиялық және экономикалық байланыстарын үзген болатын. Салдарынан Qatar Airways компаниясына осы төрт елге ұшуға және олардың әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салынды. 

Осыдан кейін елдің әуе компаниясы жаңа бағыттарға рейстер ашып, ұшақтарды басқа компанияларға жалға бере бастаған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу