"Дипломатиялық қызмет ардагері" ұғымын тағайындау мерзімі қысқартылады

838

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралып, мәжіліске қайтарылды.

"Дипломатиялық қызмет ардагері" ұғымын тағайындау мерзімі қысқартылады

2002 жылы қабылданған ҚР "Дипломатиялық қызметі туралы" заңды жетілдіруге бағытталған құжатқа толықтыру енгізілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Заң жобасын талқылау барысында сенат депутаттары тарапынан мәжіліс мақұлдаған заң жобасына бірқатар ұсыныс пен түзету енгізілді. Сенат депутаттары "Дипломатиялық қызмет ардагері" ұғымын тағайындау үшін арнайы өкілетті 15-тен 10 жылға төмендету және осыған қатысты арнайы төлемді 2022 жылғы 1-ші қаңтардан бастауды ұсынды. Бұл ұсынысты республикалық бюджет комиссиясы биыл 25- қаңтарында қолдады. Бұдан бөлек "Дипломатиялық поштаны" дипломатиялық қызметкерлермен олардың отбасы мүшелерінің жеке мүддесі үшін қолдану құқығын заң жобасынан алып тастау мәселесі көтерілді", – деді депутат Қайрат Кожамжаров. 

Сенатордың сөзінше, 1961 жылғы "Дипломатиялық қатынастар туралы" Вена конвенциясының ережелеріне сәйкес, дипломатиялық поштада дипломатиялық құжаттар мен ресми пайдалануға арналған заттар болуы қажет. Аталған Конвенцияны Қазақстан Республикасы 1993 жылы ратификацияланған. 

"Дипломатиялық поштаға арналған ұқсас талап еліміздің кедендік кодексінде бар. Осыған байланысты бұл норманы заң жобасынан алып тастау ұсынылды. Үкімет басшысының биылғы 9 - ақпандағы қорытындысында сенат депутаттарының осы түзетуіне оң баға берілді", – деді Қайрат  Қожамжаров. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу