"Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 58 маман көтерме жәрдемақы алған

697

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жыл басынан бері 58 маман көтерме жәрдемақы алған. Оған аудан қазынасынан 16,9 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ 48 маман 209,5 млн теңгеге бюджеттік несие алған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 58 маман көтерме жәрдемақы алған

"Мұнайлыда мұғалімдер мен дәрігерлерге, яғни әлеуметтік сала мамандарын қолдауға бағытталған "Дипломмен ауылға" бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Жыл сайын ауданның әлеуметтік саласына қажетті мамандықтар тізбесі жасалады. Оларға үстеме жәрдемақы тағайындалады. Мәселен, білім саласына қажетті мамандар тізбесі бойынша математика және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мамандарына сұраныс жоғары", – деді Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шынар Сұңғат. 

Айта кетейік, биыл ауданда 28 денсаулық, 14 білім, 4 мәдениет және спорт салаларының мамандары бюджеттік несие алған. Жылдық жоспар бойынша бюджеттік несие 60 маманға беріледі деп жоспарланды. Қазір оның 56-на несие рәсімделді. 

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу