"Дипломмен ауылға" бағдарламасына тағы 110 млрд теңге бөлінеді

1147

Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуандықов осы бағдарлама шеңберінде биыл 8 мың маманға көтерме жәрдемақы берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасына тағы 110 млрд теңге бөлінеді

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы шеңберінде 100 АЕК мөлшерінде бір реттік көтерме жәрдемақы ретінде әлеуметтік қолдау беріледі. Одан бөлек тұрғын үйге 1,5 мың АЕК-тен аспайтын бюджеттік несие ұсынылады. Жобаны іске асыру кезеңінде, атап айтқанда 2009 жылдан бастап 2020 жылға дейін 77 мыңнан 19 млрд теңге сомасында көтерме жәрдемақыға ие болды. Ал 36 мыңнан астам маманға 173 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие алды", - деді Әлібек Қуандықов Парламент Сенатында өткен үкіметтік сағатта.

Оның айтуынша 2021 жылы 4,5 мың маманға 20 млрд теңге көлемінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беріледі. Одан бөлек жалпы сомасы 3,2 млрд теңгеге 8 мың маманға көтерме жәрдемақы беру жоспарланған.

"2021-2025 жылдар аралығында Нұр Отан партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру шеңберінде жобаны 110 млрд теңге көлемінде қаржыландыру жоспарланып отыр", - деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу