Қазақстанда "Дипломмен ауылға" бағдарламасы мамандарының жәрдемақы көлемін арттыру жоспарлануда, деп хабарлады еліміздің қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев.
"Дипломмен ауылға" бағдарламасымен елдімекендерде жұмыс істеп, сонда тұру үшін келген мамандардың біржолғы жәрдемақы мөлшерін 70 АЕК - тен 100 АЕК-ке дейін көтеру, осы бағдарлама бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін мамандықтар тізімін кеңейту жоспарланып отыр", – деп атап өтті Дархан Кәлетаев.
Қазіргі уақытта АЕК 2525 теңгені құрайды.
Министр аталған бағдарламадағы мамандықтар тізіміне қаржыгерлер мен заңгерлер қосылғанын еске салды.
Қазіргі уақытта білім беру, денсаулық сақтау салаларының, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт, ветеринария мамандықтарының түлектері осы бағдарлама бойынша жұмыс істей алады.