"Дипломмен ауылға" барған жас дәрігерлерге 1,5 миллион теңгеден берілді

2443

Ақтөбе облысының әкімі, сондай-ақ, Алматы қаласында дәрігерлер арасында өткен халықаралық турнирде үшінші орын алған футбол командасының әрбір мүшесіне 100 мың теңгенің сертификатын табыстады.

"Дипломмен ауылға" барған жас дәрігерлерге 1,5 миллион теңгеден берілді

Ақтөбедегі Оразалин М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина институтын бітіріп "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында ауылдарға жұмысқа орналасқан 45 жас дәрігердің әрқайсысына 1 млн 500 мың теңгенің сертификаты табысталды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Сіздердің адам жанының арашасы ретіндегі дәрігерлік мамандықтарыңыз ерекше құрметке лайық. Орталарыңызға келіп, алдыңғы буын ардагерлермен бірге жаңадан еңбек жолын бастап жатқан жас мамандармен кездесу мен үшін үлкен ғанибет. Президент алғашқы медициналық көмек адамдарға барынша жақын болуы керектігін тапсырған болатын. Облыста медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді",– деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин сертификатты табыстау салтанатында.

Сонымен қатар, өңір басшысы Алматы қаласында дәрігерлер арасында өткен халықаралық турнирде үшінші орынға қол жеткізген ақтөбелік дәрігерлерден құралған футбол командасының әрбір мүшесіне 100 мың теңгенің сертификатын табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу