"Дипломмен ауылға" келген маңғыстаулық 200-ден астам жас баспаналы болады

872

Маңғыстау облысында биыл "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 411 маманға 100 АЕК, яғни 345 000 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы беріледі. 231 маман үй сатып алу үшін 1500 АЕК, яғни 5 175 500 теңгеден аспайтын сомада бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдауға ие бола алады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Дипломмен ауылға" келген маңғыстаулық 200-ден астам жас баспаналы болады Фото: ашық дереккөзден

"Дипломмен ауылға" бағдарламасына білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандығы, ауыл, кент, ауылдық округтер әкімдері аппаратының бас және жетекші мамандары үміткер бола алады.

Сонымен қатар, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру тиісті қаржы жылына қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады.

Былтыр облыс бойынша 423 маманға барлығы 131 млн теңге жәрдемақы берілген. Ал, 208 маман 15 жылға дейінгі мерзімге 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие алған. Олардың бірі - былтыр Алматы қаласынан оқуын бітіріп келген жас маман Гаухар Түгел. Бүгінде ол Мұнайлы ауданы Дәулет елді мекеніндегі №4 мектепте педагог-логопед маманы болып қызмет етеді. 

"Мен "Дипломмен ауылға" бағдарламасын ұзақ уақыт зерттедім. Оның артықшылықтарын іздеп, жас мамандар үшін тиімділігін қарастырдым. Бұл жоба тек жас мамандар үшін ғана емес, бірнеше жыл тәжірбиесі бар қызметкерлерге де көмегі көп екенін білгеннен кейін, бағдарлама арқылы жұмысқа орналасуға шешім қабылдадым. Соның арқасында, 2022 жылдағы соммаға сәйкес 306 300 теңге қайтарымсыз жардемақы және баспана алуға 4 млн. 594 мың теңге бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдауға ие болдым", - дейді Гаухар Түгел.

Үміткер көтерме жәрдемақы алғысы келсе, "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жолдайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу