Дипмиссия басшылары ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға мүдделі екендерін білдірді

624

Асқар Мамин АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО дипмиссиялары басшыларымен ҚР үкіметінің инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жаңа тәсілдерін талқылады.

Дипмиссия басшылары ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға мүдделі екендерін білдірді

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Америка сауда палатасының атқарушы директоры Дорис Брэдбюримен, Ұлыбритания елшісі Майкл Гиффордпен, Канада елшісі Николас Бруссомен, Еуропалық одақ елшісі Свен-Олов Карлссонмен, ҚР-дағы АҚШ істері жөніндегі уақытша сенімді өкілі Теодор Лингпен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықты және ҚР үкіметінің инвесторларды қолдау экожүйесін дамыту жөніндегі жаңа тәсілдері аясында өзара іс-қимылды одан әрі арттыру мәселелері талқыланды. 

Инвестициялық ынтымақтастық әлеуетін атап өте отырып, дипломатиялық миссиялардың басшылары Қазақстанда жүргізіліп жатқан инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстарды қолдайтындарын және тығыз ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға мүдделі екендерін білдірді.

"Біз өзара іс-қимылымызды жандандыруға мүдделіміз. Инвестициялар тарту жөніндегі жаңа күшейтілген шаралар инвестициялық ынтымақтастыққа елеулі қарқын береріне сенеміз",– деді Асқар Мамин кездесуді қорытындылап.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу