Ақтаулық директорлар торт сыйлаймыз деп айыппұл арқалады. Жиналған сомаға 40 мың теңгелік сертификат пен тәтті торт сатып алыпты. Мұндай сыйды "бармақ басты көз қыстыға" санаған басшы, "директорлар маған пара ұсынып жатыр" деп антикорға арызданды.
Олардың үстінінен әкімшілік іс қозғалып, сот оларға 10 млн теңгедей айыппұл салды. Нақтыласақ, кінәсін мойындаған 25 директордың әрқайсысы 345 мың теңге, ал өзін кінәлі санамайтын біреуі 483 мың теңге төлейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу