Диснейленд қызметкерлері шеруге шықты

434

1,5 мың актер жұмыстан шығу туралы өтініш жазған. 

Диснейленд қызметкерлері шеруге шықты Фото: euronews.com

Парижде әлемге әйгілі ойын-сауық орталығы - Диснейленд қызметкерлері 6 күннен бері ереуілдетіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.

Олар айлықты 200 еуроға көтеруді, сондай-ақ, жексенбіде шыққан жұмыс үшін 2 есе ақы төлеуді талап етуде.

23 мамырда басталған ереуілдің алғашқы күндерінде 1,5 мың актер жұмыстан шығу туралы өтініш жазған. Штатта барлығы 17 мың қызметкер бар. Алайда, қонақ үй секторы, саябаққа техникалық қызмет көрсету және қауіпсіздік саласында қызметкерлер саны жетпейді.

Бұл наразылық компания жылдың аяғында 125 еуро көлемінде сыйақы беретінін айтқаннан кейін басталған. Қызметкерлер "басшылық біздің қорлап отыр" деп есептейді. Олар мамыр айында да шеруге шыққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу