Disney 32 мың қызметкерін жұмыстан шығарады

626

Компанияға төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша $580 млн көлемінде шығын келген.

Disney 32 мың қызметкерін жұмыстан шығарады

The Walt Disney Company 2021 жылдың наурызында коронавирус дағдарысына байланысты 32 мың қызметкерін қысқартады. Ресми дерек бойынша, әсіресе тақырыптық саябақта қызмет ететіндер жұмыссыз қалмақ. Пандемияға дейін компания табысының үштен бірі оларға тиесілі болса, қазір шығынға батып жатыр. Қыркүйек айында компания 28 мың жұмысшының қысқартылатынын мәлім еткен еді. 

3 қазанда аяқталған қаржы жылының төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша The Walt Disney Company $14,7 млрд көлемінде түсім түскенін жариялады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 23%-ға төмен, ол кезде компанияның түсімі $19,1 млрд болған еді. Компанияға төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша $580 млн көлемінде шығын келген.

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 12,85 миллионнан асқан. Оның 263,1 мыңы қайтыс болды.

Табиғат Нұрболат 

Фото: cnn.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу