Disney қызметкері мәзір мен бағаны өзгерткені үшін 3 жылға сотталып кетті

407

АҚШ-та Disney-дің бұрынғы қызметкері компания серверін бұзып, мейрамхана мәзіріне өзгеріс енгізген.  

Disney қызметкері мәзір мен бағаны өзгерткені үшін 3 жылға сотталып кетті Фото: cnn.com

Осы ісі үшін компания экс-қызметкерін сотқа берді. Сот шешімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.

Сондай-ақ, сотталушы компанияның беделіне нұқсан келтіргені үшін 690 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сотталған мәзірге балағат сөздер қосып, бағаны өзгертіп қойған. Бұған қоса, тағамдардың қауіпті екенін жазып, жалған ақпарат таратқан.

Disney компаниясы бұл әрекетті дер кезінде анықтап, өзгертілген мәзірді өшіріп үлгерген.

Құқықбұзушы бірнеше Disney қызметкерінің аккаунтын бұғаттап, олардың жүйеге кіруіне кедергі келтірген.

Тергеу барысында оның 100 мыңнан астам рұқсатсыз кіру әрекетін жасағаны анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу