Зарина Дияс Australian Open 1/16 финалына шыға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші раундта қазақстандық теннисші әлемнің 58-ракеткасы ресейлік Анна Блинковамен кездесіп, бірінші партияда жеңіске жету мүмкіндігіне ие болды, бірақ 4:1 есебімен алға шығып тұрып, қатарынан бес геймді беріп қойды да, 4:6 есебімен ұтылды.
Алайда екінші партияда да дәл осындай артықшылыққа қол жеткізген Зарина ол мүмкіндікті жібермей, 6: 3 есебімен жеңді.
Үшінші сетте Дияс брейк жасаған оныншы гейм шешуші болды. Осының арқасында ол 6: 4 есебімен жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.
Зарина Дияс (Қазақстан) - Анна Блинкова (Ресей) 4: 6, 6: 3, 6: 4
Эйстер: 2-3
Қосарланған қателіктер: 3-8
Үзілістер: 9-7
Матчы ұзақтығы: 2 сағат 9 минут